Енді тұтқындар азық-түлікті интернет-дүкен арқылы ала алады

856

Алматы және Алматы облысының қылмыстық-атқару жүйесінің бірнеше мекемесінде мамандандырылған электрондық дүкендер пилоттық режимде іске қосылды.

Енді тұтқындар азық-түлікті интернет-дүкен арқылы ала алады

Азық-түлік өнімдерін жеткізу қызметі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Павлодар, Қарағанды қалаларының тергеу изоляторларында жұмыс істей бастады. Сотталғандардың туысқандарымен бейнебайланыс арқылы сөйлесулері Ақмола облысындағы ҚАЖ-дың екі мекемесінде сынақтан өткізіледі, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі. 

ІІМ бұл жобаларды іске асыру пенитенциарлық жүйеде цифрландыруды дамытуға, ізгілендіру деңгейін арттыруға, сыбайлас жемқорлық пен шағымдардың санын азайтуға ықпал етеді, сондай-ақ сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына жақындатады деп есептейді. 

Осы сервистер арқылы тапсырыс беру және жеткізу ҚАЖ мекемелерінің тапсырыстарды қабылдау бюросындағы кезекті жояды,сондай-ақ сотталғандарға және қамауға алынғандарға тыйым салынған заттардың өту фактілерін төмендетеді. 

Арнайы электрондық дүкен және сәлемдемелерді пенитенциарлық жүйеге жеткізу жөніндегі сервис тауар өндірушілер емес, олар тек жергілікті және шетелдік өндірушілердің өнімдеріне арнайы алаңды ұсынады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу