Енді Үкімет мүшелерінің тойға баруына тыйым салынуы мүмкін

343

Мұның негізгі мақсаты - ысырапшылдыққа жол бермеу. 

Енді Үкімет мүшелерінің тойға баруына тыйым салынуы мүмкін Фото: freepik

Қырғызстанда Үкімет мүшелеріне, яғни шенеуніктерге тойға баруына тыйым салуынуы мүмкін, деп хабарлайды 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Қырғызстан президенті әкімшілігінің алқа мәжілісінде министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салды.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының барлық жарлығы мен тапсырмасы сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс. Министрлер кабинетінің басшысы Садыр Жапаровтың той өткізу кезінде мал союға және ысырапшылдыққа тыйым салу туралы қаулысына жеке тоқталды.

"Егер сіз бір жерде ысырап жасалғанын көрсеңіздер, ол жерге бармаңыз. Тойда жүрмеңіздер", – деді А.Жапаров.

2022 жылдың ақпанында Қырғызстанда іс-шаралар өткізу кезіндегі шектеулер туралы президент жарлығына қол қойылды. Оның мақсаты – азаматтардың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейін арттыру, сондай-ақ қоғамдағы рухани атмосфераға теріс әсер ететін діни жоралар, рәсімдер, басқа да іс-шараларды өткізу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу