Енді Үндістандағы Burger King гамбургерлеріне қызанақ қосылмайды

437

Мұндай қадамға елдегі қызанақтың күрт қымбаттауы әсер етіп отыр.

Енді Үндістандағы Burger King гамбургерлеріне қызанақ қосылмайды Фото: inbusiness.kz

Үндістандағы Burger King мейрамханалар желісі елде қызанақ бағасы күрт қымбаттауына байланысты гамбургерлерден алып тастауға мәжбүр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Burger King бұл шешімді қызанақ сапасы мен жеткізудің кқиындығымен байланыстырды. Осы уақытқа дейін бұл ингредиентті өз мәзірінен McDonald's те алып тастаған болатын.

Мамандар ауа райының қолайсыздығынан базарда көкөніс тапшылығы орын алғанын айтады.

"Үндістандағы азық-түлік инфляциясы 2020 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғары деңгейге жеткендіктен, осы аптаның басында АҚШ-тың тағы бір фаст-фуд желісі Subway де өз мәзірінен қызанақты алып тастады", деп хабарлады Reuters.

Үндістанда соңғы айларда негізгі тауарлардың бағасы күрт өсті. Шілде айында муссондық жаңбыр егін жеткізу тізбегін үзгендіктен қызанақтың бір келісінің бағасы 250 рупийге (3 доллар немесе 2,37 фунт) жетті.

Содан бері қызанақ бағасы төмендеді, бірақ осы айдың басында Үндістан жеткізілім дағдарысымен күресу үшін көрші Непалдан қызанақ импорттай бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу