Енді Ural мотоциклі Қазақстанда құрастырылады

1240

Ural мотоциклінің өндірісі Қазақстанға көшіріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Енді Ural мотоциклі Қазақстанда құрастырылады

Ural Motorcycles компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ресейде "Урал" мотоциклінің өндірісі тоқтайды. Өндіріс Қазақстанға көшіріледі.

"Биыл 7 наурызда Ресейдің Ирбит қаласында бөлшектерді жеткізу мүмкін болмағандықтан және Ресейден дайын жабдықты импорттауға тыйым салынғандықтан мотоциклдерді құрастыру тоқтатылды. Енді Ural мотоциклі Петропавл қаласында құрастырылады", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Ural Motorcycles негізгі басқарушы құрамы да Қазақстанға көшеді.

Айта кетейік, Ural мотоциклдерінің басым бөлігі батыс елдеріне, оның ішінде АҚШ-қа да экспортталатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу