Енді вакциналар туралы толық ақпарат алуға болады

797

Елімізде коронавирусқа қарсы екпе туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін egu.kz сайты іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Енді вакциналар туралы толық ақпарат алуға болады

БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ), Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ДСМ ҚДСҰО), АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен жаңа сайт әзірленді. Онда қазақстандықтар СOVID-19-ға қарсы вакцина туралы сенімді ақпарат ала алады. Бірнеше ай бойы MedSupport дәрігерлері мен ғалымдар тобы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, сайтқа деректерді іріктеген.

"Вакцинация көпшілік пен бұқаралық ақпарат құралдарын жиі алаңдатады. Egu.kz сайтының негізгі міндеті – вакциналар туралы толық және сенімді ақпарат беру. Мұнда тұрғындар негізгі сұрағына жауап таба алады", - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова. 

ҚДСҰО басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева ата-аналар балаларына екпе салу арқылы жұқпалы аурудың салдарынан қорғайтынын атап өтті.

Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизеннің пікірінше, вакцина – медицинаның ең үлкен жетістігі. 

"Екпе алу арқылы сіз өзіңізді аурулардан қорғайсыз. 21 ғасырда кейбір ата-аналар вакцинаның тиімділігіне әлі күмәнмен қарайды. Сондықтан ЮНИСЕФ серіктестерімен бірге бірегей сайт әзірледі. Онда ата-аналар өздерін толғандырған сауалдарға жауап таба алады", - деді Артур ван Дизен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу