Енді WhatsApp арқылы хабарламаны ең көбі бес адамға ғана таратуға болады

1154

Компания бұл шешім жалған ақпараттармен күресті күшейту үшін жасалып отырғанын хабарлады.

Енді WhatsApp арқылы хабарламаны ең көбі бес адамға ғана таратуға болады

Facebook Inc енгізген жаңа ережелерге сәйкес, WhatsApp мессенджерін пайдаланушыларға бір хабарламаны бестен көп адамға таратуға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания бұл шешім жалған ақпараттармен күресті күшейту үшін жасалып отырғанын хабарлады.

"Компанияның саясат және коммуникация бойынша вице-президенті Виктория Гранд Джакартада өткен шарада аталған шектеу туралы айтты. Былтыр жаз айында Үндістандағы тұтынушыларға тура осындай шектеу қойылған еді. Әлем бойынша жиырма адамға хабарламаны қайта жіберуге болатын еді. Енді барлық елдердегі мессенджер пайдаланушылары осы ережеге бағынады", – деп жазды The Guardian басылымы.

Басылымның ресми сауалына жауап берген WhatsApp компаниясының коммуникация бөлімінің басшысы Карл Вуг тұтынушылардың ең жақын араласатын достарының саны бесеуден аспайды деп ойлайтындықтан, осы шектеуге тоқталғанын айтқан.

"Бұл мессенджерді теріс мақсатта пайдалануға шектеу қояды деп ойлаймыз", – деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Үндістанда аталмыш қосымша арқылы балалар ұрлығы туралы тараған хабарламалар легінен кейін, келіп түскен хабарламаны бес адамға ғана қайта жіберуге шектеу қойылған болатын. Үндістанда WhatsApp мессенджерінің 200 миллион тұтынушысы бар.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу