Енді WhatsApp-ты миллиондаған адам пайдалана алмайды

802

Енді WhatsApp-ты миллиондаған адам пайдалана алмайды

2017 жылдан бастап WhatsApp мессенджері ескі гаджеттерде жұмыс істемейді, деп хабарлайды Baq.kz.

Daily Express-тің мәліметінше, бұдан былай WhatsApp мессенджері iPhone 3GS, Windows Phone 7 және 2.1 және 2.2 нұсқаларындағы Android операциялық жүйесіндегі ұялы телефондарда ашылмайды.

Мұның себебін қосымшаны жасаған компанияның қызметкерлері айтады.

"Бұл гаджеттердің тарихи маңызы зор. Бірақ енді олар біздің қосымшаға енгізілетін жаңа функцияларды қабылдай алмайды", – дейді олар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу