Енді зейнетақы мен жәрдемақылар туралы ақпарат мобильді қосымшаларда қолжетімді

678

Бұрын бұл ақпаратты ХҚКО-дан алуға болатын еді.  

Енді зейнетақы мен жәрдемақылар туралы ақпарат мобильді қосымшаларда қолжетімді Фото: gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы және әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар туралы анықтама беру процесін автоматтандырды. Енді бұл қызмет екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы қол жетімді, деп жазады inbusiness.kz.

Қызметті автоматтандыру қажеттілігі үлкен сұранысқа ие болды – тек 2022 жылы 210 мыңнан астам адам анықтама алды.

ЕХӘҚМ ЕДБ-мен бірлесіп 15 минут ішінде мобильді қосымшалар арқылы электрондық форматта қызығушылық тудыратын деректерді алу мүмкіндігі іске асырылды.

Анықтаманың цифрлық нұсқасында алынған және белсенді төлемдердің мөлшері туралы ақпарат бар. Көрсетілетін қызметті алушы 2016 жылдан бастап кез келген кезеңді таңдай алады (ең жоғары кезең – 3 жыл).

Қазіргі уақытта қызмет "Қазақстан Халық Банкі" АҚ мобильді қосымшасында қолжетімді. Жақын арада осы ақпаратты алу мүмкіндігін "Kaspi Bank"АҚ қосымшасында іске асыру жоспарланып отыр. 

Мобильді қосымша арқылы алынған жәрдемақылар, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер туралы анықтама беру ақпарат алу процесін жеңілдетеді және оңайлатады, сонымен қатар мемлекеттік бюджетті айтарлықтай үнемдейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу