Енді зейнетақыны Еуразиялық одақтың барлық елінде алуға болады

1244

Одақтың құрамында 5 ел бар. 

Енді зейнетақыны Еуразиялық одақтың барлық елінде алуға болады

Зейнетақыны Еуразиялық одақтың барлық елінде электронды өтінім бойынша алуға болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еуразиялық экономикалық комиссия мәліметінше, енді зейнетақы тағайындау рәсімі тез жүреді. 

"ЕАЭО елдері арасында жұмыс істеп жүргендерге зейнетақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ зейнетақыны бір мемлекеттен екінші мемлекетке экспорттауды жүзеге асыру кезінде маңызды электронды құжаттармен, мәліметтермен жедел алмасуды қамтамасыз ету жоспарланып отыр", – деп жазылған хабарламада.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің жұмысшыларын зейнетақымен қамтамыз ету туралы 2019 жылғы 20 желтоқсандағы келісім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген. 

Келісімнің мақсаты – одаққа мүше мемлекеттердің жұмысшыларын және олардың отбасы мүшелерінің зейнетақы құқығын қалыптастыру, сақтау және іске асыру.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) – 2014 жылы құрылған халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік. ЕАЭО құрамына Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Армения кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу