Зейнетке шығатындарға қатысты жағымды жаңалық

2364

Бұдан былай зейнетақы автоматты түрде тағайындалмақ.

Зейнетке шығатындарға қатысты жағымды жаңалық Фото: astanatv.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин зейнетақы рәсімдеу процесін цифрландыру бойынша пилоттық жоба нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, бұрын зейнетақы тағайындау процесі күрделі және азаматтардың жеке қатысуын талап ететін. Төлемдерді алу үшін өтініш беру, құжаттарды жинау және жұмыс тәжірибесін растау қажет болды. Қағаз деректерін өңдеу кідірістер мен кезек тудырды және зейнетақыны қолмен есептеу кезінде қателер қаупін арттырды.

"Бүгінде пилоттық режимде принципті жаңа тәсіл енгізілді. Жасы бойынша скоринг негізінде жүйе зейнетақы ісін автоматты түрде қалыптастырады, еңбек өтілі туралы мәліметтерді тексереді және азамат тарапынан өтініш жасамай-ақ төлемдерді проактивті тағайындайды", – Қаныш Төлеушин бүгінгі Үкімет отырысында.

Трансформация қызмет көрсету мерзімін 10 күннен 1 күнге дейін қысқартуға, процедуралық қадамдар санын 6-дан 1-ге дейін қысқартуға және азаматтар үшін процесті айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу