Hyodol деп аталатын сүйкімді қуыршақ ChatGPT технологиясына негізделген. Ол қарттармен әңгімелесіп, көңілді дауыспен сөйлейді, дәрі-дәрмегін уақытында қабылдауды немесе тамақтануды ескертіп отырады.
Робот иесінің жағдайын бақылайды. Егер 24 сағат бойы қимыл байқалмаса, ол бұл туралы отбасы мүшелеріне немесе әлеуметтік қызметкерлерге хабар береді.
Сондай-ақ, "әжесінен" немесе "атасынан" үнемі халін сұрап, көңіл-күйін біледі.
Бүгінде 12 мыңнан астам Hyodol робот-қуыршағы жалғызбасты қарттардың үйінде орнатылған. Әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың айтуынша, мұндай "немерелер" қарттарға тірек болып, жалғыздықтан туындайтын қорқынышты жеңуге көмектеседі.