"ҚазМұнайГаз" желісінің барлық ЖМҚС-ларында жанармай үшін QR/штрих-код арқылы төлем жасау мүмкін болды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
QR-код арқылы отынға төлем жасау жүйесі өткен жылдан бастап Астана қаласында тестілік режимде жұмыс істей бастады. Осы жылы ноу-хауды басқа өңірлердің тұрғындары да қолдана алады. QR/штрих-код жасау үшін www.azskmg.kz сайтындағы жеке кабинетте, "ҚазМұнайГаз ЖМҚС" мобильді қосымшасында тіркелсе жеткілікті немесе компания филиалдарының сату орталықтарына баруға болады.
Жанармайды сатып алу туралы барлық ақпарат автоматты түрде анықталады және ЖМҚС-да 2D-сканерімен өңделеді, клиент смартфоннан тек QR/штрих-код белгісін көрсетеді. Мобильді гаджет, шын мәнісінде отын картасы мен электрондық талондарды ауыстыратын болады.
QR-код – матрикалық код ақпаратты визуалды түрде кодтау үшін түрлі салаларда – ғимаратты және өнімдерді таңбалаудан бастап дүкендерден немесе өндірушілерден бонустарды алуға дейін белсенді қолданылады.
"Компания қарқынды даму мен инновациялар жолында, атап айтқанда клиенттерімізге қолайлы болу үшін төлем жасаудың барынша жетілдірілген тәсілдерін енгізіп отырмыз. Біз Қазақстанда алғашқы болып ЖМҚС-ларда электрондық талондар енгіздік, штрих-код көмегімен төлем жасаудың баламалы тәсілін енгіздік және одан әрі де ЖМҚС-да қолма-қол ақшасыз есеп айырысу саласында ең заманауи технологияларды пайдалануды көздеп отырмыз. Аналитиктердің болжамы бойынша келесі жылдың өзінде әлемдегі төлемдердің жартысы смартфондар арқылы жүргізілетін болады", – деп атап өтті "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС бас директорының бірінші орынбасары – коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Төлеміс Шотанов.