2023 жылғы 12 қаңтардағы цифрландыру және дебюрократизация мәселелері жөніндегі кеңес хаттамасының (азаматтар мен бизнестің өмірін жақсартуға бағытталған бастамалар) 2-тармағын орындау үшін Энергетика министрлігі "ЖҚБ-да мұнай өнімдерінің болуы жөніндегі сервисті" әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.
Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігі, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп, еліміздің жанармай құю бекеттерінде мұнай өнімдерінің бар-жоғы туралы ақпаратқа жедел қол жеткізу мақсатында Telegram мобильді қосымшасында "@AZSkz_bot" мекен-жайы бойынша жанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің мөлшерін көрсететін Telegram ботын әзірлеп, оны іске қосты.