Енді жедел жәрдемді шақыру үшін басқа нөмір теру керек

1721

103 нөмірінің алдына 9 санын жазуды ұмытпағайсыздар.  

Енді жедел жәрдемді шақыру үшін басқа нөмір теру керек

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жедел жәрдем нөміріне өзгеріс енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Соңғы уақытта 103 басқару пультіне жедел жәрдем диспетчерлеріне қоңырау шалу өте қиын, кейде мүлде мүмкін емес деген шағымдар жиі түсуде.  Осыған байланысты біз тергеу жүргізіп, бірқатар қателерді анықтадық. Олардың бірі көптеген қоңыраулар автоматты түрде Төтенше жағдайлар департаментінің жедел диспетчерлік қызметінің телефон нөміріне - 112 түсетін болып шықты", – деп жазылған хабарламада.

Beeline ресми ақпараты бойынша, бір ғана себеп бар - ол қытайлық смартфондар.

"Кейбір танымал қытайлық брендтердің мобильді құрылғыларынан жедел жәрдем қызметіне (103), полицияға (102), өрт сөндіру қызметіне (101) және авариялық газ қызметіне (104) қоңырау шалу мүмкін емес.  Барлық қоңыраулар автоматты түрде Төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай диспетчерлік қызметінің телефон нөміріне бағытталады - 112.

Егер сізде осындай мәселе туындаса терілген нөмірдің алдына 9 санын қосыңыз", – деп жазылған Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті таратқан хабарламада.

Мәселен:

 9103 - жедел жәрдем;

 9102 - полиция;

 9101 - өрт сөндіру бөлімі.

Алматы жедел жәрдем, 9, 9103, 103

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу