Енді жеке куәлік пен төлқұжатты терминал арқылы алуға болады

380

Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Енді жеке куәлік пен төлқұжатты терминал арқылы алуға болады Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда жеке куәліктер мен төлқұжаттарды терминалдар арқылы беретін пилоттық жоба іске қосылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ішкі істер министрі мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің "Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттарды және жеке куәліктерді терминал арқылы биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы бірлескен бұйрығының жобасы 10 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Жобада құжаттама терминалдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде орналасады және биометриялық авторизациядан кейін беріледі.

Бұл республикалық маңызы бар қалалар мен астанада, облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Байқоңыр қаласында альтернативті құжат алу жолы ретінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.

Қауіпсіздік мақсатында терминалға басқа құрылғыларды қосу қарастырылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу