Болашақта Ақтөбе жолдарының шұңқырлары көмірден жасалған қоспамен жөнделуі мүмкін. Ақтөбеден шыққан академик Айсұлтан Қалыбаев жаңа әдісті ойлап тауып, ғалымдар тәжірибеден өткізді, деп хабарлайды аktobenews.kz.
Қазақстанның жолдарына нанотехнология пайдаланылады. Соның бір әдісін академик Айсұлтан Қалыбаев ойлап тапты. Ол көмірді микробөлшектерге бөліп, битуммен араластырып, жаңа қоспа әзірлеуді ғалымдарға сеніп тапсырды. Ал қазақстандық ғалымдар жаңа нәтижеге қол жеткізді.
"Көмірді иненің жасуындай бөлшекке бөлгенде қасиеті өзгеріп, жабысқыш келеді. Энергия көп болатынын академиктер анықтап, битум қосты. Жаңалық бар. Биыл таныстырылымы өтеді. Әлемдік тәжірибеде болған, бірақ олар үлкен нәтиже ала алмады. Оны ақтөбелік академик Айсұлтан Қалыбаев өмірге әкелді. Академик Тоқтар Әубәкіровтан кейін "ҚазҒарыш" агенттігін басқарды. Біз Қарағандының көмірін пайдаланып, ғылыми жаңалық аштық. Алдағы уақытта осы әдіспен Ақтөбедегі көмір жол жөндеуге пайдаланылуы мүмкін",- деді "Қазақстан жолы ғылыми-зерттеу институты" АҚ президенті.
Айта кетейік, академик Айсұлтан Қалыбаев Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ащысай ауылында туған. Физика-математика ғылымдарының докторы, академик 1996 жылы С.П.Королев атындағы алтын медальмен марапатталды.