Енді ЖОО-лар студенттерді қабылдағанда 80% төсек-орынмен қамтамасыз етуі керек – министр

540

Тиісті талапты сақтамаған немесе қамтамасыз етпеген жоғары оқу орындарына лицензия берілмейді. 

Енді ЖОО-лар студенттерді қабылдағанда 80% төсек-орынмен қамтамасыз етуі керек – министр Фото: astanatv.kz

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер өткен жылы Алматыда болған хостелдегі өрттен кейін мегаполисте жатақхана мәселесі қалай шешіліп жатқанын сұрады.

"Бір нәрсені айтып кетейін. Бұл хостел (ред. – былтыр Алматыда өрт болған хостел) біздің жоғары оқу орындары арнайы жасаған келісімшарттардың негізінде хостел тізімінде болған жоқ. ЖОО келісімшарт жасаған хостелдер міндетті түрде өзіміздің талаптарымызға сәйкес қарастырамыз", - деді спикер.

Оның сөзінше, министрлік қазіргі таңда үш үлкен бағытта жұмыс істеп жатыр.

"Біріншісі – талаптарды күшейту. Өзіміздің ресми тізімге кіретін хостелдерге талаптарды да басқа хостелдерге де таратудамыз. Екіншіден, әрине жатақхана салуды да күшейтуіміз қажет. Бірнеше механизмдерді осыған дейінгі брифингтерде айттым. Атап айтқанда, жаңадан реконструкцияға нормативтік субсидияларды көтеріп жатырмыз. Биыл жеке компаниялар мен мердігерлерден 131 өтініш келіп түсті. Оларды пысықтап жатырмыз. Жатақхана салудың үрдісін тездетуіміз керек. Енді жоғары оқу орындары студенттерді қабылдағанда кемінде 80 пайыз төсек-орынмен қамтамасыз етуі керек. Бұл қазір нақты заңды талап. Заңға енді. Енді осы талапты сақтамаған немесе қамтамасыз етпеген жоғары оқу орындарына лицензия берілмейді",- деп түсіндірді Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу