Енді жүк көліктерін бақылайтын "Сергек" іске қосылады

458

Жүкті шамадан тыс артық жүк тиеген ауыр көліктер жолға залал келтіріп отыр. 25 мың шақырымда жолда небәрі 18 ғана өлшеу құралдары орнатылған.

Енді жүк көліктерін бақылайтын "Сергек" іске қосылады Фото: BNEWS.KZ

Биыл осындай 20 құрылғы қойылса, болашақта қосымша 220 өлшеу станциясын орнату жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Одан бөлек Көлік министрі Марат Қарабаев жүк көліктерін бақылайтын жаңа жүйе тамыз айында іске қосылатынын айтты.

"Аталған 18 өлшеу камерасына тоқталсақ, бұл жүйе автоматтандырылған. "Сергек" сияқты біздің өлшеу жүйеміз суретке түсіріп, айыппұлды тасымалдаушыға жолдап отырады. Тиісті заң Сенатта мақұлданғаннан кейін, жүйені биыл тамыз айында іске қосу жоспарланған. Астананың маңында 29 карьер бар. Елордаға кіретін 6 жолда осындай камера қойдық. HOWO және SHACMAN (Қытайда өндірілетін көліктер) көліктері ауыр жүк тасымалдауға арналған. Шетелде мұндай көліктер тек карьерде жүреді. Бұл тақырып бойынша Парламентке заңнамалық ұсыныспен келмекпіз. Елімізде 60 мыңға жуық осындай жүк көлігі бар. Оларға автожолда жүруге мүлдем тыйым салу ұсынылып отыр. Яғни, оларға жүкпен жолда жүруге тыйым салынбақ. Егер крьерге бару керек болса, онда осы ауыр көліктер жолда тек жүксіз жүруі тиіс. Бұл заңнамалық ұсыныстарды енгізбекпіз. Осы арқылы жолдағы ауыр жүкті мүлдем тоқтатпақпыз", - деді Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу