Енді жұмыс беруші медицина кітапшасын өз бетінше тексере алады

757

Қазақстанда алғаш рет медициналық кітапшалардың түпнұсқалығын тексеруге арналған жаңа ақпараттық өнім енгізілді.

Енді жұмыс беруші медицина кітапшасын өз бетінше тексере алады

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, медициналық ұйымдарда медициналық кітапшаларды берудің түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық қызметті ұсынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Енді жұмыс беруші Smart Astana мобильдік қосымшасы арқылы медицина кітапшасын шынымен медициналық мекеменің өзі бергенін-бермегінін өз бетінше тексере алады. Әрбір шығарылған медициналық кітапша медицина ақпарат жүйесінде тіркеледі. Қызметкердің ЖСН теру арқылы сіз қайда, қай кезде және медициналық кітапшаның қашан берілгенін біле аласыз",  – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова.

Жыл басында елордада аурухана парақтары мен 083, 086, 094, 095 формалы анықтамаларға QR-код енгізілген болатын. Енді жұмыс беруші клиникаға осы құжаттардың түпнұсқалығын анықтап беру үшін өтініш жасамайтын болды. Бұны Smart Astana қосымшасында смартфонмен QR кодты сканерлеу арқылы қысқа уақыт ішінде жасауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу