Ақтауда ашылған әжелер мектебі қыз-келіншектерді ұрпақ тәрбиесіне баулиды.
Мұнда жас қыздарға шай құюдың, дастарқан жаюды және ас тартудың тәртібі мен ережесі үйретіледі. Сонымен қатар жас келіндерге баланы бесікке бөлеудің қыр-сыры түсіндіріледі.
Бұл жердегі дәрістің дені ене мен келін арасындағы қарым-қатынас пен сыйластықты қалыптастыруға негізделген. Ақтау өңірінде алғаш ашылған мектепте он әже тәрбие береді. Қазір мұнда отыздан аса қыз-келіншек жанұя жылуын сақтап, инабатты өмір салтын қалыптастыруды үйреніп жүр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу