"Енелер мектебі" құрылмақ

758

Ажыраспақ болғандардың арасында жасы алпысты алқымдаған ел ағалары да бар.

"Енелер мектебі" құрылмақ

Түркістан облысы, Келес ауданының ақсақалдары жас обасыларға ақыл-кеңес беріп, олардың шаңырағы шайқалмауы үшін барынша күш салып жатыр. Айтуларынша осы уақытқа дейін қариялардың ақылының арқасында 48 бала бүгінде толық отбасыда өмір сүріп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгінде жастарға қариялар тарапынан тәлімдік, тәрбиелік мәні бар үгіт насихат жұмыстарын жүргізудеміз. Бүгінгінің ойландыратыны – жас отбасылардың бұзылуы. Көңілге кірбің келтіретін оқиғаны алдын-алу бағытында әжелер кеңесімен бірігіп, жастардың шаңырағына барып, өнегелі әңгімелер айтудамыз. Бүгінде шаңырағы шайқалмақ болған 24 отбасы бізге жүгінді. Сол отбасыларды ақсақалдармен бірлесе сабырға шақырып, ортаға алып мәселені шештік. Аллаға шүкір, олардан тараған 48 баланы тірі жетімдіктен сақтадық деп айта аламын", – дейді Ұшқын ауыл әкімшілігінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесбек Жұмағұлов

Ақсақалдың айтуынша, ажыраспақ болғандардың арасында жасы 60 алқымдаған ел ағалары да болған.

Енді "Енелер мектебі" құрылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу