"Енем маған сенген жоқ": Мейрамбек Беспаев үйленген жылдарын еске алды

10344

Әншінің отбасы құрғанына биыл 20 жыл болады.

"Енем маған сенген жоқ": Мейрамбек Беспаев үйленген жылдарын еске алды Фото: 365info

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев шаңырақ көтерген кезін еске алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Ұйқым келмейді" бағдарламасына сілтеме жасап.

“Биыл отбасы құрғанымызға 20 жыл толады. Алғашында Мархабат мені таныған жоқ. Орысша сөйлеп, орысша тәрбиеленген екен. Алайда үйленгеннен кейін қазақша сөйлеп, қазақы ортағы сіңіп кетті. 18 жасқа толғанын күтіп, шаңырақ көтердік. Жастық кезең ешқашан ұмытылмайды. Үйленетін күні ұшып келдім Астанадан. 2004 жыл, 8 шілде – үйленген күніміз. Ол кезде тойға үлгермей қаламын деген ой жоқ. Той-томалық, концерттерден қалмаймыз. Бір күнге бас тарту да ойға келмепті. Енем менің қызына деген сезіміме сенбеген. “Қызымның жасы 17-де, алайын деп тұрған адамы – әртіс. Тойы болатын уақытта ұшып-қонып жүр. Сенім артуға болатын дұрыс адам ба?” деп сұрапты. Қазір енемнің сүйікті күйеу баласымын. Мархабатқа да ризамын”, - дейді әнші. 

Сондай-ақ, әнші балалары туралы да айтып берді. 

“Кәусар – 16 жаста. Абухайыр 2-сыныпта оқиды. Менің ең сүйікті жанкүйерлерім. Абухайыр машина мінсе болды “папаның әнін қос” дейді. Болашақта кім болатынын өздері шешеді. Бірақ кішкентай кездерінен бастап барлық үйірмелерге бердік. Кәусар домбыраға да қызығады. Абухайыр каратэге барып жүр. Қызығатын салаға бара берсін, өсе келе өзіне керегін таңдап алады”, - деді Мейрамбек Беспаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу