"Энергетик басшыны талап етеміз": "МАЭК" қызметкерлері наразылыққа шықты

349

Ақтаудағы "МАЭК" ЖШС қызметкерлері үндеу жолдап, энергетик білімі бар маманның бас директор лауазымына орналасуын және олардың әлеуметтік құқықтарын елемеуді тоқтатуды талап етті.   

"Энергетик басшыны талап етеміз": "МАЭК" қызметкерлері наразылыққа шықты Фото: tumba.kz

Компания басшылығына жолдаған үндеуінде жұмысшылар 8 талап қойды. Олар жалақыны көтеру, еңбек жағдайларын реттеуді сұрады.

"Біз наразылық білдіруге мәжбүрміз. Біз бос уәде тойдық. Жұмысшылардың проблемалары шешілмейді, өйткені басшылық немқұрайлы қарайды. Біз қызметкерлерге разрядтар беруге қатысты мәселелерді шешуді талап етеміз. Аттестаттауды жұмыс орнында өткізу. Қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету. Ұжымдық шартты толықтыру. Тамақпен, тегін түскі аспен қамтамасыз ету. Кәсіподаққа жалақы қорынан 3% бөлу. Жалақыны 50 АЕК-ке көбейтіп, 13-ші жалақы беру. Басшылық жыл сайын өзгеріп отыратындықтан және олар осы саланың мамандары емес, жауапкершілікпен басқара алмайды. Бізге білімді, шешім қабылдай алатын және білімі энергетик болуын талап етеміз", - дейді жұмысшылар.

Энергокомбинат басшылығы жұмысшылардың талаптары туралы білетін болып шықты.

""МАЭК" ЖШС басшылығы кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде бірқатар мәселелер талқыланды. Қазіргі уақытта талқылау сатысында тұрған даулы мәселелер бар. Екі тараптың диалогы сындарлы форматта жүргізіледі. Қарастырылып отырған мәселелердің көптігіне байланысты кездесу алда тағы жалғасады", - деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.                                                   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу