"Энергетик ішкен": Түркістан облысында ер адам көшеде есінен танып қалған

380

Тәртіп сақшылары оны бірінші болып байқаған.

"Энергетик ішкен": Түркістан облысында ер адам көшеде есінен танып қалған Фото: ЖИ

Түркістан облысында полиция қызметкерлері ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Сарыағашта полиция қызметкерлері күнделікті қызметтік міндеттерін атқару барысында жол жиегінде ес-түссіз жатқан ер адамды байқап, дереу көмекке ұмтылды. 

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шақырылған. Алайда учаскелік полиция инспекторлары Бақытжан Уалиев пен Ералы Байдуллаев ер адамның өміріне алаңдап, уақыт жоғалтпас үшін оны өз көліктерімен дереу ауруханаға жеткізді. 

Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында азаматқа дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.

Облыстық ПД жариялаған видеода көрсетілгендей, ер адам энергетик ішкен соң өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу