Сондықтан оны 10 жылға қамау қажет. Бүгін Қарағандыда экс-шенеунікке қатысты сот процессінде прокурорлар судьядан осыны сұрады. Сотталушылар қатарында Шкарупадан бөлек, кәсіпкерлер Ерлан Набиев және Қайсар Байдалылар бар. 3 сотталушыға да қылмыстық кодекстің 189 бабы, яғни ірі көлемде ақша жымқырды деген айып тағылып отыр.
Тергеу мәліметінше, Анатолий Шкарупа Саран қаласының әкімі болып тұрғанда сыбайластарымен келісіп, тұрғын үйлерде жылуды есептейтін арнайы құрылғы орнату керек деген шешімге келген. Ол үшін бюджеттен 215 миллион теңгені алып, оны жеке мақсаттарында жұмсаған. Негізгі фигурант кемі 10 жылға сотталып, өмір бойы мемлекеттік қызметке араласуына тыйым салынуы мүмкін болса, оның әріптестеріне 8 жыл мерзім қаралып отыр. Аталған іс 100 томнан асатынын айта кету керек.