Энергетика министрі: 41 мұнай кеніші аукционға шығарылмақ

632

23 желтоқсанда 41 мұнай кеніші аукционға шығарылады.  

Энергетика министрі: 41 мұнай кеніші аукционға шығарылмақ Фото: ktk.kz

Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде жыл сайын мұнай мен газға геологиялық барлау жұмысын жүргізуге бағытталған электронды аукциондар өтеді.

"2022 жылғы 22 шілдеде 21 учаске бойынша бір аукцион өтті. Онда 24 млрд теңгеге ең төменгі жұмыс бағдарламасымен 12 млрд теңге мөлшерінде рекордтық қол қою бонусы алынды", - деді министр.

Сондай-ақ Болат Ақшолақов жыл соңына дейін тағы бір аукицон ұйымдастырылатынын атап өтті.

"Биыл 23 желтоқсанда геологиялық қоры 63,5 млн тонна болатын 41 учаскені пайдалану құқығын беруге және 60 млрд теңге сомасына ең төменгі жұмыс бағдарламасына кезекті аукцион өткізіледі", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу