Энергетика министрі АЭС құрылысы бойынша оң шешім күтетінін жасырмады

458

Атом электр стансасының құрылысы бойынша түпкілікті шешім ұлттық референдум нәтижесінде қабылданады.

Энергетика министрі АЭС құрылысы бойынша оң шешім күтетінін жасырмады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев Мәжілісте өткен комитет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"АЭС құрылысына дайындық процесі ұлттық референдумды өткізу туралы шешімге дейін басталғаны белгілі. Яғни айтарлықтай үлкен жұмыс істелініп, вендерлер анықталды. Бұл туралы да бірнеше мәрте айтқан едім. Біз АЭС құрылысы бойынша түпкілікті шешімді референдум негізінде ғана қабылдайтын боламыз. Яғни бұл толыққанды референдум болады", - деді ол Мәжілісте өткен комитет отырысының кулуарында.  

Энергетика министрлігі АЭС бойынша тендерге қатысушылармен консультациялар жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

Сатқалиев бұл мәселеде таңдау бойынша шешімді қабылдау процесі тоқтатылғаны жеткізді. 

"Егер де теріс шешім қабылданатын болса, бұл жұмыстардың аяқсыз қалатыны белгілі. Алайда біз оң шешім қабылданады деген сенімдеміз. Біз атом энергетикасының маңызын түсініп отырмыз", - деп толықтырды ведомство басшысы.

Айта кету керек, осыған дейін "ҚазРосГаз" Қазақстанға сұйытылған газ жеткізетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу