Энергетика министрі АЭС салынатын Үлкен ауылына отбасымен көшіп бара ма?

520

Құрылыс аясында ұзақ инспекциялар болады. 

Энергетика министрі АЭС салынатын Үлкен ауылына отбасымен көшіп бара ма? Фото: Үкімет

Үкіметте өткізіліп жатқан брифинг барысында Қазақстан Үкіметінің мүшелері жобаның қауіпсіз екенін дәлелдеу үшін "АЭС салынатын Үлкен ауылына көшуге дайынсыздар ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алмасадам Сәтқалиев қазіргі заманғы атом электр станцияларының қауіпсіздігіне қатысты сенімділік білдірді. Және жұмыс барысымен ол жерге жиі баратынын алға тартты. 

"Қазіргі заманның атом электр станциялары шығарындыларды бақылаудың үш еселенген деңгейімен барлық қорғаныс құралдарымен жабдықталған қауіпсіз нысан. Құрылыс аясында ұзақ инспекциялар болады. АЭС құрылысына қатысты тиісті шешім болса, ол жерге үнемі баруды жоспарлап отырмын. Электр энергиясының тапшылығын жабу бойынша ұсынылған шешім үшін жауапкершілікке сүйене отырып, мен осындай ұзақ іссапарларға баруға дайынмын", – деді энергетика министрі.

Тілшілер "отбасы мүшелері бара ма?" деп сұрақты нақтылаған еді, министр сұрақтардың кәсіби қызметке қатысты қойылғаны жөн болатынын ескертті. 

"Сұрақтар кәсіби қызметпен байланысты болса, ыңғайсыздық тудырмайды. Ал отбасылық қатынастарға қатысты сұрақтарды кейде журналистер жауап есту үшін емес, тек саботаж жасау, әсер қалдыру немесе назар аударту мақсатында қояды. Сіздің сұрағыңызға жауап бергеніме сенімдімін", – деді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу