Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қызметін жалғастырады

302

Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі қызметінде қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.  

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қызметін жалғастырады Фото: primeminister.kz

"Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген Президенттің жарлығында.

Алмасадам Сәтқалиев 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы жеке секторда бастаған.

1997-2001 жылдары "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясының менеджері, департамент бастығы, басқарушы директоры, вице-президенті болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары "KEGOC" АҚ қаржы директоры, вице-президенті, бірінші вице-президенті болды.

2006-2007 жылдары "KEGOC" АҚ бойынша топ жетекшісі, "Самұрық" АҚ электро-энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.

2007 жылы Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

2007-2011 жылдары "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ тұңғыш вице-президенті, президенті, басқарма төрағасы, президенті болды.

2011-2012 жылдары "Самұрық-Қазына" АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

2012-2018 жылдары – "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы.

2018-2021 жылдары "KazEnergy" ЗТБ төрағасының орынбасары, "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді басқару бойынша басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

2021 жылғы наурыздан 2023 жылғы сәуірге дейін – "Самұрық-Энерго" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы.

2023 жылдың 4 сәуірінде Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу