Энергетика министрі америкалықтарды 2022 жылы өтетін аукциондарға қатысуға шақырды

1097

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы миссиясы басшысының орынбасары Джуди Куомен кездесу өткізді, деп хабарлайды  inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетика министрі америкалықтарды 2022 жылы өтетін аукциондарға қатысуға шақырды

Кездесу барысында ЖЭК-ті дамыту, мұнай-газ кешенін дамытудың перспективалары, энергетикалық көшу және АЭС-ті салу мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде, Энергетика министрі 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасында теңдікке, адал бәсекелестікке және ашықтыққа негізделген халықаралық аукциондық сауда-саттықтың ашық тетігі қолданылатынын айтып, америкалық тарапты 2022 жылы өтетін аукциондарға қатысуға шақырды.

Анықтама ретінде: 2018 жылдан 2021 жыл аралығында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондарға 1705 МВт шығарылды. Аталған кезеңде әлемнің 12 елінен 196 компания қатысты.

Сондай-ақ, Джуди Куо ханым "Development Finance Cooperation" американдық дамуды қаржыландыру институтын құру туралы ақпаратпен бөлісіп, олардың АҚШ-тың ЖЭК саласындағы инвестицияларының негізгі бағыттарының бірінде Орталық Азиядағы негізгі әріптес ретінде Қазақстанмен ынтымақтасуға қызығушылығы туралы хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу