Энергетика министрі: Балқаштың маңына АЭС-тің 6 блогын салуға болады

187

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев БАҚ өкілдермен өткен баспасөз мәслихатында елдегі алғашқы АЭС-тің құрылыс мерзімі қысқаруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Энергетика министрі: Балқаштың маңына АЭС-тің 6 блогын салуға болады Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

– Қазір арнайы комиссия алдын ала жұмыстар жүргізіп жатыр. Технологиясына байланысты ғой. Әрине, тіпті қазір оны кез келген жерге қоюға болады. Қазір үлкен ашық су қоймасы болу керек деген сияқты талап жоқ. Құрғай тәсілмен суытатын суық грейдерлер қолданыла бастады. Сондықтан елдегі электр желісін топографиясына, қауіпсіздік мәселесіне қарап шешім қабылдаймыз. Жуық арада ұсыныстар береміз. Бізге 2050 жылға дейін ядролық кластердің жобасын әзірлеу туралы тапсырма берілді. Мысалы Балқаштың маңына 6 болкқа дейін орнатуға болады. Курчатов, Ақтау сияқты алаңдар да бар. Батыс Қазақстан да, Шығыс Қазақстанда бар. Батыс дегенде Каспидің маңын айтып отырмыз, – деп нақтылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу