Энергетика министрі: Биыл елдегі 3 мұнай өңдейтін зауыт жөндеуден өтеді

535

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде елдегі үш мұнай өңдейтін зауыттың бәрі жөндеуден өтетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz.  

Энергетика министрі: Биыл елдегі 3 мұнай өңдейтін зауыт жөндеуден өтеді Фото: aimak.com

"2022 жылы АИ-92 бензині мен дизель отынының рекордтық мөлшерін өндірдік. Осындай көрсеткішке қол жеткізу Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы күрделі жөндеуді 2023 жылға ауыстыруға байланысты болды. Биыл барлық 3 мұнай өндеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін ескерсек, өндіріс көлемі 13,4 млн тонна деңгейінде болады деп болжанады", - деді министр.

Сондай-ақ Болат Ақшолақов Шымкент мұнай өндеу зауытын кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемесін жобалау болатынын айтты.

"Биыл министрліктің негізгі міндеті – ішкі нарықты сапалы мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз ету. Экономиканың сапалы жанар-жағармайға деген сұранысын қамтамасыз ету үшін биыл өндірісті жылына 6 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін, келешекте жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу