Энергетика министрі: Дәл қазір Каспий құбырын алмастыратын маршрут жоқ

588

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумындағы негізгі жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Соңғы шеткі айлақ айдың соңына дейін дайын болатынына сендірді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Энергетика министрі: Дәл қазір Каспий құбырын алмастыратын маршрут жоқ

"Маршрут штаттық режимде 100 пайыз жұмыс істеп тұр деуге болады", – деді министр 20 мамырда астана тұрғындарымен өткен кездесуден кейін журналистерге. 

Оның айтуына қарағанда, Каспий құбырын алмастыратын көлемдегі маршрут жоқ. 54 миллион тонна мұнайды тасымалдайтын балама жолды бір сәтте табу мүмкін емес. Қытайға жеткізетін балама жолдың қуаты 20 млн тонна ғана. Солай болған күнде де Қытай мол көлемде мұнай алуға дайын ба, жоқ па – белгісіз. 

Ал Баку бағытында инфрақұрылым тартуға ұзақ уақыт керек. Портты қалпына келтіру, құрық портын орнатып, мұнай құбырын тарту және танкерлер табу керек. 

"Каспийдің табаны таяз. Кез келген танкер жүзе алмайды. Тек 12 мың тонналық танкерлер ғана жүзе алады", – деді Ақшолақов. 

Бүгінде балама жолдармен мұнайдың бір бөлігі тасымалданып жатыр. Шамамен 16,5 млн тонна көлем.

"Бұл КҚК-ға балама маршрут іздемей жатырмыз деген сөз емес. Іздеп жатырмыз. Баку арқылы инфрақұрылым тартуды да ойластырып көреміз. Жан жақты зерделеп жатырмыз", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу