Энергетика министрі: Дизель жеткілікті, қолдан дүрбелең туғызбайық

652

Энергетика министрі Болат Ақшолақов қолдан дүрбелең туғызбауға шақырды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Энергетика министрі: Дизель жеткілікті, қолдан дүрбелең туғызбайық

Өйткені тапшылықты болдырмау үшін тұрақты комиссия жұмыс істеп жатыр. Жанармайдың негізгі көлемі ауыл шаруашылығына және станцияларға жіберіледі.

Науқан кезінде дизельге сұраныс екі жарым есеге өскен соң, логистикада проблема туындаған.

Сондықтан "Қазақстан теміржолы" компаниясымен келіссөз жүргізіп, вагондар санын арттырған. Алдағы күндері жөнелту көлемі де өседі.

– Шалғайдағы аудандарға 10 күнге дейін жететін қор қамдап қойдық, – дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу