27 күнге жететін дизель отыны, 45 күнге жететін бензин және авиациялық керосин бар – Алмасадам Сәтқалиев

211

Энергетика министрі елдегі бензин қоры туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

27 күнге жететін дизель отыны, 45 күнге жететін бензин және авиациялық керосин бар – Алмасадам Сәтқалиев Фото: видео скриншот

"Бізде 27 күнге жететін дизель отыны, 45 күнге жететін бензин және авиациялық керосин бар. Ешқандай мәселе болмайтынына сенімдіміз. Кейбір өңірлердегі жекелеген жанармай құю бекеттерінде сұйытылған газ тапшылығына байланысты мәселелер туындады. Бұл егін жинау науқаны мен жаңбырға байланысты. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен өңірлер астық пен бұршақ дақылдарын кептіру үшін дизель отыны мен сұйытылған газдың қосымша көлемін сұрады. Осыған байланысты олардың қосымша көлемін қарастырдық. Елде мұнай өнімдерінің бірде-бір түрі бойынша тапшылық жоқ", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу