Энергетика министрі: Газ одағының қажеттілігі жоқ

518

"Газ одағын құру мәселесі көтерілген жоқ". Ресей, Қазақстан мен Өзбекстан біріккен одаққа қатысты Энергетика министрі осындай кесім айтты. 

Энергетика министрі: Газ одағының қажеттілігі жоқ

Болат Ақшолақовтың айтуынша, елдің солтүстік аймағын газбен қамтамасыз ету үшін Ресей үкіметімен арада жекелеген келіссөздер жүргізіліп жатыр екен. Министр Өзбекстанмен де Бұқара-Ташкент-Бішкек-Алматы газ құбыры аясында қарым-қатынас болатынын жеткізді. Алайда, одан асып, одақтасу деген мәселе болмады,- деді.

"Одақ құрамыз ба?" деп осындай мәселені ешкім көтерген жоқ. Я болмаса Ресей федерациясы, я болмаса Өзбекстан. Ондай мәселе талқыланбаған. Тек қана екіжақты, болмаса кейбір сұрақтар үш жақтың қатысуын қажеттілігін қамтиды. Бірақ оған одақ құру керек емес, қажеттілігі жоқ", деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Айта кетерлігі, "газ одағы" мәселесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарашаның соңындағы Ресейге ресми сапары кезінде көтерілген. "Владимир Путин үштік одақ құруға мүдделі" деген ақпарат тарап, оған қатысты Ресей президентінің баспасөз хатшысы түсініктеме берген. Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы да "бұл мәселе сарапшылармен талқыланады" деп президенттің пікірін жариялаған еді 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу