Энергетика министрі "ҚазМұнайГаз" АҚ-ға тапсырма берді

1523

Ведомство басшысының пікірінше, бір жылда бір зауыт қана күрделі жөндеуден өтуі тиіс.

Энергетика министрі "ҚазМұнайГаз" АҚ-ға тапсырма берді

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" АҚ-ға мұнай өңдеу зауыттарындағы (МӨЗ) жөндеу жұмыстарының бес жылдық жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, елдегі мұнай өңдеу зауыттары қолайсыз уақытта жөндеуге жабылады. Сондықтан бұл мәселені қайта қарау керек.

"Отынды тұтыну көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді. Сондықтан жұмысты 25 күнге тоқтатуға болмайды. (МӨЗ-де – inbusiness.kz) жөндеу жұмыстарын жүргізудің регламенті ескірген деп есептеймін. Күрделі жөндеуді жүргізу үшін бір жылда бір зауыт қана жұмысын тоқтатуы тиіс. "ҚазМұнайГаз" АҚ басшылығына алдағы 5 жылға арналған жаңа жоспар әзірлеуді тапсырамын", – деді Мағзұм Мырзағалиев мұнай өңдеу зауыттарының басшылары қатысқан кездесуде.

Сондай-ақ министр зауыттардағы жөндеу жұмыстарын тиімсіз жоспарлау салдарынан МӨЗ ішкі нарықты дизель және авиаотынмен қамтамасыз ете алмай отырғанын атап өтті.

Айта кетейік, биыл қазанда Павлодар мұнай-химия зауыты, ал мамырда Шымкент МӨЗ-і жөндеу жұмыстарын байланысты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Сондай-ақ наурызда Атырау МӨЗ-де жабдықтың істен шығуы салдарынан сұйытылған мұнай газын өндіру тоқтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу