Энергетика министрі Степногорск қаласындағы энергокешенінің жұмысымен танысты

553

Жылыту маусымының өтуін бақылау шеңберінде ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Степногор ЖЭО-ға барды.  

Энергетика министрі Степногорск қаласындағы энергокешенінің жұмысымен танысты Фото: gov.kz

ЖЭО басшылығы министрді объектідегі жағдай, резервтік жабдықтар мен отын қоры туралы мәлімет берді, деп жазады inbusiness.kz.

Сондай-ақ "Степногор жылу транзиті" ЖШС-ның басшылығы жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлары туралы хабарлады.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазановтың, Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржановтың және Министрлік пен Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті басшылығының қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде өзекті мәселелер қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу