Энергетика министрі сұйылтылған газ өндірісі неге азайғанын түсіндірді

897

Қаңтар-наурыз аралығында 15 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл былтырғы кезеңге қарағанда 8,2%-ға артық.  

Энергетика министрі сұйылтылған газ өндірісі неге азайғанын түсіндірді

"Ішкі тұтынудың ұлғаюына байланысты газ экспорты көлемінің төмендеуі байқалады. Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 6,7 млрд текше метр болды. Мәселен, есепті кезеңде 1,4 млрд текше метр тауарлық газ экспортталды, бұл былтырғы кезеңдегі көлемнің 66,7%-на тең", – дейді Энергетика министрі Болат Ақшолақов бүгінгі Үкімет отырысында.

Ал сұйылтылған мұнай газын өндіру көлемі 717 мың тонна болды. Бұл былтырғы қаңтар-наурыз аралығындағы кезеңнің 87,1%-на тең.

"Былтырғы көрсеткіштен артта қалудың себебі Украинаға экспорттың тұрақсыз жағдайына байланысты "Теңізшевройл" зауытында өндірістің төмендеуі болды", – дейді ол.

"Жалпы бүгінде қалған зауыттар ішкі нарық үшін сұйытылған газды штаттық, жоспарлы режимде өндіруде", дейді министр.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу