Айта кетейін, Шкарупа 2018 жылы Саран қаласының әкімі болған кезде жылу есептеу құрылғыларын орнату үшін бюджеттен бөлінген 215 млн теңгені жымқыруға қатысы бар деп айыпталып, қамауға алынған болатын. Сонымен қатар, осы іс бойынша тұрғын үй құрылысын дамыту қорының бұрынғы төрағасы Қайсар Байдалы мен кәсіпкер Ерлан Нәбиевке де кінә тағылған болатын.
Еске салсақ, бұған дейін өткен сот отырысында прокурор Шкарупаны аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп, 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал соңғы екеуіне 8 жылға қамауды талап еткен еді.