Энергетика министрінің кеңесшісі тағайындалды

560

Бұл қызметке Шыңғыс Ильясов тағайындалды.

Энергетика министрінің кеңесшісі тағайындалды Фото: gov.kz

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Шыңғыс Ильясов "ҚазТрансОйл" АҚ қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры болған.

Шыңғыс Ильясов еңбек жолын Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігі жастар орталығының кеңесшісі болып бастады.

Әр жылдары Ұлттық экономика министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде, Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінде, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің орталық коммуникациялар қызметінде жұмыс істеді.

Шығыс Еуропа университетінің халықаралық қатынастар факультетін, Қазақ-орыс халықаралық университетінің менеджмент факультетін бітірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу