Энергетика министрлігі АЭС-қа қатысты шетелдік сарапшылармен кеңеседі

1012

Энергетика министрлігі Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салуға қатысты шетелдік сарапшылармен кеңеседі, деп хабарлады Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков. 

Энергетика министрлігі АЭС-қа қатысты шетелдік сарапшылармен кеңеседі

"Біздің жұмыс – ел аумағындағы локацияларды анықтау, сарапшылармен, оның ішінде халықаралық сарапшылармен, технология, қуат сарапшыларымен консультациялар жүргізу. Сондай-ақ өзектендірілген электр тұтыну және өндіріс теңгеріміне тапшылық бола ма, егер болса қай жылы және қандай көлемде болатынын анықтау да мақсат", – деді Жүребеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл жұмыстардың барлығы "қазір кешенде жүргізіліп жатыр".

"Қарашада Энергетика министрлігі бұл мәселелерді халықаралық сарапшылармен талқылайды. Мемлекет басшысы белгілеген мерзімде біз бұл мәселені ары қарай іске асыру жөніндегі пайымымызды ұсынып отырмыз", – деді вице-министр. 

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу бойынша жоспарларды жариялап, "Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеуді" тапсырды.

Ал 3 қыркүйекте Шығыс экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Қазақстанға атом станциясы қажет екенін мәлімдеді. 

28 қыркүйекте БҰҰ ядролық қарусыздану жөніндегі Бас Ассамблеясының пленарлық отырысында Тоқаев Қазақстанда өз атом өнеркәсібін дамытудың кешенді техникалық-экономикалық негіздемесі жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

30 қыркүйекте Ресей Президенті Владимир Путин Ресей тарапының Қазақстанның атом саласын қалыптастыруға көмегін ұсынды. 

Айта кету керек, қазақстандықтардың ішінде  АЭС құрылысына қарсылық танытушылар баршылық.

Физика-математика ғылымдарының кандидаты Эльдар Кнар атом электр станциясындағы апаттар мен оқиғалар жиі кездесетінін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу