Энергетика министрлігі әлеуметтік мазут жеткізу кестесін бекітті

1295

Елімізде орталықтандырылған жылумен қамту жүйесімен жұмыс істейтін 460 қазандық бар. Олардың ішінде 428-і жылыту маусымына дайын.

Энергетика министрлігі әлеуметтік мазут жеткізу кестесін бекітті Фото: primeminister.kz

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша,  оңтүстік өңірлердегі 30-ға жуық қазандық іске қосу мен жөндеу жұмыстарын аяқтап жатыр және қазан айының басына дейін дайын болмақ.

Осы жылдың 19 қыркүйегіндегі жағдай бойынша энергия көздерінің қоймаларында мазут қоры 101,9 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 24%-ға көп.

Энергетика министрлігі қосылған құн салығы есебімен 100 мың теңге бағамен 277 мың тонна көлемінде "әлеуметтік" мазут жеткізу кестесін бекіткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу