Энергетика министрлігі электр қуатының тапшылығын қалай шешеді: министр жауабы

508

Былтыр 2023 жылы 9 энергоблокқа, 46 қазандыққа және 46 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 

Энергетика министрлігі электр қуатының тапшылығын қалай шешеді: министр жауабы Фото: sk.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев елдің энергетикалық кешенінің жай-күйі туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің сөзінше, тұтастай алғанда Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесі Ресей және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен қатар қалыпты жұмыс істеп тұр.

"Энергетикалық қауіпсіздікті сақтау, сенімді энергиямен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ электр энергиясын тұтынудың жыл сайынғы өсуін ескере отырып, жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу және жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту қажет. Бекітілген қуат балансына сәйкес 2030 жылға қарай электр энергиясына қажеттілік 28,2 ГВт құрайды, ал жаңа қуаттарды іске қосып есепке алғандағы қолда бар қуат 22 ГВт құрайды. Шамамен 4 ГВт жаңа қуатты іске қосқанның өзінде электр қуатының тапшылығының көлемі 6 ГВт-тан асады.

Еліміздегі осы тапшылықты жабу және экспорттық әлеуетті арттыру үшін Энергетика министрлігі 35 ГВт-қа дейінгі қосымша жаңа генерациялау қуаттарын енгізуді көздейтін электр энергетикасын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі", - деді Алмасадам Сатқалиев Үкімет отырысында.

Қолданыстағы электр станцияларын қайта құру және кеңейту есебінен қосымша 5,6 ГВт қамтамасыз етіледі.

"Мұндай жобалардың қатарында қуаттылығы 325 МВт Ақсу ГРЭС №7 блогының құрылысы (2027 жыл), Қарағанды ЖЭО-3 турбинасын ауыстыру  және қазандық қондырғысының құрылысы (2026 жылы 120 МВт) және "Karabatan Utility Solution" ЖШС бу-газды қондырғыны 310 МВт-тан 620 МВт-қа дейін кеңейту (2027 жылы) жатады. Жоспарда қуаттылығы 6,7 ГВт болатын жаңа генерацияның құрылысы да қарастырылған. Икемді генерацияны таңдау бойынша аукцион аясында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларында жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын жанар-жағармай құю станцияларын салу жоспарланып отыр", - деп атап өтті министр.

Ведомство басшысының дерегінше, Жезқазған қаласында 2029 жылдың соңына дейін қуаттылығы 500 МВт болатын жаңа жылу электр орталығын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ қуаттылығы 5 ГВт болатын ауқымды жобалар да стратегиялық инвесторлармен әртүрлі кезеңдер бойынша әзірленуде.

"ЖЭК секторын дамытудың жоғары әлеуетіне байланысты ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондар шеңберінде Министрлік 5 жылдық кезеңге арналған аукциондар кестесін әзірледі және бекітті. Аукционға шығарылған жалпы қуаттылық 6,7 ГВт құрады, ал аукцион қорытындысы бойынша 2027 жылдың соңына дейін 592 МВт пайдалануға беру жоспарланып оты. Бұл жобаларды жүзеге асыру энергия жүйесіндегі тапшылықты жойып, оны қажетті резервтік қуатпен қамтамасыз етеді", - деді Энергетика министрі.

Министрдің айтуынша, ұлттық электр станцияларының жаңа архитектурасы Каспий, Арал, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның энергия балансына жаңартылатын әлеуетті қосуды қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу