Энергетика министрлігі ескі көлікті кәдеге жарату үшін өткізгендерге жаңа көлік сатып алуға сертификат беру акциясын одан әрі жалғастыруды көздеп отыр. Бұл туралы ведомствоның вице-министрі Ғани Садібеков айтты.
Қазіргі уақытта министрлік акцияны жалғастыруды қардыландыру көзін іздестіріп жатыр.
Вице-министрдің айтуынша, бұған дейінгі сертификат беру акциясы өте жақсы өткен.
"Көліктерді утилизациялау бойынша оператор (РОП) 2017 жылы ескі көліктерді қабылдайтын 17 орын ашқан. Барлығы 40 мың ескі көлік қабылданып, қазіргі уақытта олардың барлығы дерлік өңделген. Егер қаражат табылатын болса, бұл акцияны осы жылы да жалғасытырғымыз келеді", – деген энергетика министрлігінің өкілі, сертификат құны көліктің компликтациясына байланысты, бірақ жоқ дегенде 150 мың теңге болатынын айтты. Сондай-ақ вице-министр осы жылы РОП-тың инвестициялық саясаты қаралатынын, осы жобаны қаржыландыру мүмкіндігіне қарай утилизацияны жалғастыруға қаражат бөлу туралы шешім қабылданатынын атап кетті.
Сонымен қатар ол 2018 жылы энергетика министрлігі жеті қоқыс сұрыптайтын желіні және бес өңдеуші нысанды пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Вице-министрдің сөзі бойынша, тап қазіргі уақытта еліміздің 40 елдімекенінде қалдықтарды жеке жинау пункті, 19 сұрыптау пункті енгізілген.