Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумындағы жағдайға қатысты түсінік берді

1213

Қара теңіздегі дауыл салдарынан консорциумның құбыр жүйесіне зақым келген.

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумындағы жағдайға қатысты түсінік берді

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумындағы жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомство мәліметінше, Новороссийскте (Ресей) қатты дауыл соғып, желдің жылдамдығы 35 м/с дейін жеткен.

"Бұл Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалының жұмысына әсер етті. 2022 жылғы 22 наурыздағы КҚК ақпаратына сәйкес кезектен тыс инспекцияның қорытындысы бойынша 3-шығару айлақтық құрылғысының (ШАҚ) жүзбелі шлангілерінің бірінің күштік қаңқасының ығысуы түріндегі зақымдануы, сондай-ақ ШАҚ-2 ішкі жеңінің шлангілерінің зақымдануы анықталды. Осыған байланысты КҚК-ны жуу және жөндеу жүргізу үшін көрсетілген ШАҚ-ты пайдаланудан уақытша шығару туралы шешім қабылдады", – деп жазылған хабарламада.

Бүгінде Энергетика министрлігі КҚК-мен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша консультациялар өткізіп жатыр. Бұл ретте баламалы бағыттар бойынша мұнайды экспортқа жөнелту мүмкіндіктері пысықталуда.

Айта кетейік, осыған дейін Каспий құбыр желісі мұнай тасымалдау көлемін 3 есе қысқартуы мүмкін екені хабарланған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу