Энергетика министрлігі: КҚК жұмысы қазан айында толық қалпына келтіріледі

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мұнай экспорты 46,8 млн тоннаны құрады.

Энергетика министрлігі: КҚК жұмысы қазан айында толық қалпына келтіріледі

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысы қазан айында толыққанды қалпына келтіреді. Қазақстанның Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында осындай ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өздеріңіз білетіндей, бүгінде үш қондырғының біреуі ғана жұмыс істейді. Қашағандағы жөндеу жұмыстарын ескере отырып, қазір бұл жеткілікті. Биылғы жылдың қазан айында КҚК жұмысы қалпына келтіріледі деп күтілуде", – деді Ақшолақов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мұнай экспорты 46,8 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96%-ды құрағанын атап өтті.

Еске сала кетсек, 22 тамызда КҚК қалқымалы цистерналардың зақымдалуына байланысты екі бірдей қондырғының жұмысы тоқтады. Ресей аумағы арқылы өтетін КҚК мұнай құбыры қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты болып табылады. Ол 20 жылдан астам ақаусыз жұмыс істеп келеді. Соңғы бір жыл ішінде жүйе әртүрлі сыртқы факторлардың, соның ішінде 2021 жылдың тамызында мұнайдың төгілуі, 2022 жылдың наурызында дауылдан, теңіз терминалының акваториясын зерттеу мен жарылғыш заттардың табылуына байланысты жұмысы шектелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу