Энергетика министрлігі КҚК жұмысының толық тоқтайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

254

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысы толық тоқтайды деген ақпаратқа түсінік берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Энергетика министрлігі КҚК жұмысының толық тоқтайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды Фото: Энергетика министрлігі

Жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында КҚК жұмысының толық тоқтатылуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Алайда мұндай сценарий қарастырылып отырған жоқ.

"31 шілде күні КҚК мұнай құбырының жұмысын уақытша тоқтатты. Сонымен қатар жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарлар паркін толтыру жұмыстары жалғасуда.1 тамыздан бастап мұнай қабылдау көлемі тәулігіне 100 мың тоннаны құрайды. Мұнайды тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайту теңіз терминалында танкерлердің тиеуге уақтылы қойылуына байланысты болады", – делінген хабарламада.

Энергетика министрлігі КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізуде. Қалыптасқан жағдай тұрақты бақылауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу