Энергетика министрлігі: қоймаларда 5,6 млн тонна көмір жиналды

69

Осы күнге дейін 9 энергоблок, 56 қазандық және 37 турбинаны жөндеу аяқталды – бұл жылдық жоспардың шамамен 95%-ын құрайды.   

Энергетика министрлігі: қоймаларда 5,6 млн тонна көмір жиналды Фото: alataunews.kz

Әзірге жылыту маусымы тұрақты өтіп жатыр. Туындаған технологиялық ақаулар белгіленген нормативтік мерзімдерде жойылуда. Биыл электр станцияларында 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбинаны жөндеу жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Илья Рожков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Спикердің айтуынша, 17 мың шақырым электр өткізу желілері және 420 қосалқы станция жөнделді. Барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 323 шақырым жылу желісі қайта жөнделді.

"Жанармай қорына келетін болсақ, қоймалар мен энергия көздерінде 5,6 млн тонна көмір және 148 мың тонна мазут жиналды, бұл өткен жылғы көрсеткішке сәйкес келеді. Барлық энергия көздерінде нормативтік отын қоры сақталған", – деді Илья Рожков.

Ол атап өткендей, Министрлік жыл сайын әкімдік өтінімдері бойынша әлеуметтік мазут жеткізу кестесін бекітеді. Биылғы жылыту маусымында өңірлерге 257 мың тонна мазут қарастырылған, жеткізу бекітілген кесте бойынша қатаң түрде жүзеге асырылып жатыр.

Министірлік тұрақты түрде көмірмен қамтамасыз ету бойынша республикалық штаб отырыстарын өткізіп келеді. Отырысқа әкімдіктер, ҚТЖ және көмір өндіруші кәсіпорындар қатысады.

"Басты міндет – өңірлерде көмірге қатысты орынсыз ажиотажға жол бермеу. Биыл жылыту маусымына тұрғындардың коммуналдық және тұрмыстық қажеттілігіне 7,4 млн тонна көмір қажет. Оның шамамен 86%-ы, яғни 6,4 млн тоннасы дайындалды. Энергетика министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірге күз-қыс маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуді жалғастырады", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу