Энергетика министрлігі: көмірсутегі саласындағы 12 келісімшарт бұзылды

535

Мемлекетке қайтарылған жер қойнауы учаскелері бұдан әрі инвестициялар тарту үшін аукционға шығарылады.  

Энергетика министрлігі: көмірсутегі саласындағы 12 келісімшарт бұзылды Фото: sknews.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жер қойнауын пайдаланушылар алған келісімшарттық міндеттемелерді орындамай ұзақ уақыт ұстайтын жер қойнауы учаскелеріне тұрақты негізде тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүйелі бұзушылықтары бар көмірсутектер саласындағы бұрын анықталған 27 келісімшартқа бүгінгі күні жер қойнауын пайдалануға арналған 8 келісімшарт қосымша енгізілді, олар бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалмауы анықталған.

2023 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша 12 келісімшарт бұзылды, 9 келісімшарт бойынша 1,8 млрд теңге сомаға берешек өтелді, 4 келісімшарт бойынша сот органдарына бар берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға талап-арыздар берілді, 10 келісімшарт бойынша – жұмыс заңнамаға сәйкес жалғасуда.

2022 жыл ішінде 2 электрондық аукцион өткізу кезінде жер қойнауын пайдалануға арналған бұрын бұзылған келісімшарттар бойынша 11 жер қойнауы учаскесі шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу